Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

«Сары» және «жасыл» аймақтарда «Ashyq» қосымшасын қолдану талабы алынып тасталды

2022 жылдың 11 наурыз 2022 20:45

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК шектеулерді алып тастау бойынша бірқатар шешім қабылдады. Соның ішінде өңірлерде «Ashyq» мобильді қосымшасын міндетті түрде қолдану талабы да алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұндай шешім ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен Қазақстан Республикасының аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында қабылданды.

Елдегі эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануын ескере отырып, Қазақстан Республикасының аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия шешіміне сай, эпидемиологиялық тәуекелдің «сары» және «жасыл» аймақтарында орналасқан өңірлердегі барлық объектілерде «Ashyq» мобильді қосымшасын міндетті түрде қолдану алынып тасталды.

Сондай-ақ, әлеуметтік қашықтықты сақтауға қойылатын талаптар, міндетті термометрия талабы да күшін жойды.


Автор Ербол Жанат
Басты сөздер: ҚР Үкіметі, Қоғам,
Жоғары қарай