Ауа райы
Астана 19 °С
Алматы 17 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Сары уайымға салынуға болмайды - Қасым-Жомарт Тоқаев

2020 жылдың 25 наурыз 2020 17:57

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халықты карантин талаптарын қатаң сақтауға шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Азаматтарды карантин талаптарын қатаң сақтауға шақырамын. Сары уайымға салынуға болмайды. Көңіліміз көтеріңкі болып, жарқын болашаққа сенуіміз керек. Басты тойларымыз әлі алда. Коронавирусқа шалдыққандарға қажетті ем жасалады. Азаматтарға, бизнеске материалдық қолдау көрсетіледі», - деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter парақшасында.

Еске сала кетейік, бүгін Қазақстан Президенті Ұлттық биотехнология орталығында болып, коронавирусты аз уақытта анықтайтын тест-жүйемен танысты.


Жоғары қарай