Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

«Сары» аймақтағы Атырау облысында карантин қашан жеңілдемек

2021 жылдың 22 қыркүйек 2021 11:33

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Кеше «сары» аймаққа өткен Атырау облысында карантин шектеуін жеңілдету шарасы қашан енгізілетініне түсінік берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұған дейін Атырау облысы «сары» аймаққа өткенін жазған едік.

Осыған облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының

орынбасары Гүлназ Ербатырованың айтуынша, карантин талабын жеңілдету шарасы жеті

күннен кейін ғана енгізілуі мүмкін.

«Атырау облысы «сары» аймаққа өтті. Қазір 200 мыңнан астам адам вакцина алды. Әр

азамат ұжымдық иммунитетті қалыптастыру үшін вакцинаны уақытында салдырса, эпидемиялық жағдайдың тұрақтануына ықпал етеді. Бұл «сарыдан» «жасыл» аймаққа өтуіне жол ашады. Өңір жеті күн «сары» аймақта болса, онда облыстың бас санитарлық дәрігері карантин талабын жеңілдету туралы жаңа қаулыға қол қояды. Отбасылық іс- шараларды өткізуге берілген рұқсат туралы айтсақ, біздің аймақ үшін біраз күтуге тура келеді. Қазіргі басты міндет – жағдайдың тұрақтылығын жақсартып, вакцина салдыруды жалғастыру», - дейді Гүлназ Ербатырова.


Жоғары қарай