Ауа райы
Астана 11 °С
Алматы 15 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Сәрсенбіге арналған ауа райы болжамы

2020 жылдың 22 қаңтар 2020 07:25

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 22 қаңтар күні Қазақстанның барлық аумағына дерлік солтүстік және оңтүстік циклондармен байланысты атмосфералық ауа ағындары әсер етеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

Атмосфералық ауа ағындарына байланысты қар жауады, оңтүстік-батыста және оңтүстікте жауын-шашын күтіледі.

Оңтүстік-шығыста жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республикамыздың кей жерлерінде тұман, көктайғақ, желдің күшеюі күтіледі, солтүстік және шығыста бұрқасынмен бірге болады.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, бұрқасын күтіледі, жел 15-20 м/с күшееді. Павлодар облысының кей жерлерінде бұрқасын, көктайғақ күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.

Алматы облысының Жалаңашкөл ауданыда жел 15-20 м/с күшеюі күтіледі. Кызылорда, Маңғыстау, Атырау, Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі.

Жамбыл, Түркістан, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.


Басты сөздер: Қазгидромет, Ауа райы,
Жоғары қарай