Ауа райы
Астана 9 °С
Алматы 18 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Сарайшықтың 1741 жылғы жоспары Ресейден табылды

2020 жылдың 12 наурыз 2020 20:53

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысындағы ортағасырлық Сарайшық қалашығының 1741 жылғы жоспары Ресей мемлекеттік әскери-тарихи архивінен табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы Атырау облыстық «Тарихи және мәдени мұраны зерттеу» орталығының жетекшісі Мұқамбетқали Кипиев хабарлады.

Оның айтуынша, құнды құжаттың масштабы - 50, бетіндегі мәтіндер ХVІІІ ғасырдың бірінші жартысында қолданған шапшаң жазу үлгісімен берілген.

«Жоспар Сарайшық қалашығының жанынан бекініс салу үшін жасалған. Өйткені, Орынбор комиссиясын басқарған В.Татищев Жайық (Орал) қалашығынан төмен аумақты қорғау мақсатында қамалдар мен бекіністер салуды жоспарлаған. Оған әскери полк және дворяндарды тарту жобасы 1739 жылы мақұлданған. Дәл осы жоба аясында бұл жоспар жасалған болуы мүмкін», - дейді Мұқамбетқали Кипиев.

фото: azh.kz
Жоғары қарай