Ауа райы
Астана 5 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Сарайшықты зерттейтін археолог, шығыстанушы мамандар дайындау қажет - Ханкелді Әбжанов

2020 жылдың 29 ақпан 2020 14:01

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Сарайшықта жұмыс істеп, зерттейтін археолог, шығыстанушы, қолжазба танушы мамандар дайындау керек. Бұл туралы елордада өткен «Сарайшық - Ұлы дала мұрағаты: мемлекеттік және тарихи сабақтастық» атты дөңгелек үстелде айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сарайшық - біздің бабаларымыз империя биігіне көтерілген дәуірде дүниеге келген. Арғы бабаларымыз байырғы түркілер империясының, Сарайшық, Алтын Орда дәуіріндегі империя құрамында өмір сүре жүріп, керемет бірегейлікке, руханиятқа ие болды», - дейді Ұлттық ғылым академиясының академигі, тарих ғылымдарының докторы, профессор Хангелді Әбжанов.

Оның айтуынша, Сарайшықты сол империялық кезеңнің тамаша көрінісі ретінде ұлықтауымыз керек.

«Қазақстанның бір қиырында жатқан қазынаны зерттеу үшін бізге мамандар керек. Сарайшықта жұмыс істеп, зерттейтін археолог, шығыстанушы, қолжазба танушы мамандар дайындау қажет. Жастарды іріктеп, магистратурада, phd докторантурада оқыту керек. Олар бес жылдан кейін қазір бастаған істі жалғастырып кетеді», - дейді ол.


Жоғары қарай