Ауа райы
Астана 25 °С
Алматы 32 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Сарапшы: «Нұр Отан» партиясы стратегиялық құжаттары арқылы мақсаттарды айқындайды

2019 жылдың 26 ақпан 2019 17:24

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Нұр Отан» партиясы мен оның құжаттарының ерекшелігі әлеуметтік бағыт, заманауи қоғамдық-саяси процестерді үйлестіру болып табылады. «Нұр Отан» партиясының 20 жылдығына орай ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директорының орынбасары, саяси ғылымдарының кандидаты Мадина Нұрғалиева осындай пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

««Нұр Отан» партиясының трансформациясы саяси институт ретінде әрдайым партиялық бағдарламаларда паш етіледі. Қоғамдық қозғалыс базасында «Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Президент үміткерлігіне қолдау қоғамдық штабы» ретінде 1999 құрылған партия елдегі шынайы жетекші саяси күш болуға барын салды», - дейді сарапшы.

Мадина Нұрғалиеваның айтуына қарағанда, 20 жыл бойы «Нұр Отан» партиясының бағдарламасында қағидатқа берік тәртіп бойынша өзгеріске ұшырамаған бірқатар ерекшелік бар.

«Біріншісі - Президент Н.Ә.Назарбаевтың саяси, әлеуметтік және экономикалық бастамаларын қолдау және сол бойынша жұмысты реттеу қағидаты. Бұның себебі де түсінікті, өйткені Мемлекет басшысы партияның көшбасшысы. Екіншіден, партия өз жұмысында Қазақстандағы ауқымды әлеуметтік топтардың - жастар мен зейнеткерлердің, бюджет қызметкерлері мен ШОБ өкілдерін, тағы сол секілді барлық саланы қамтуға күш салды. Партияның электораты айтарлықтай ауқымды. Мақсатты аудиториясы - әртүрлі. Үшіншіден, партияның басты басымдығы - орталықтандыру. Бұл бағыт партияны тұрақтылық пен сенімділіктің символы ретінде полярлық ұстанымдардан, радикалды әрекеттерден сақ болуға үндейді», - дейді сарапшы.

Мадина Нұрғалиева өз сөзінде партия мен оның құжаттарының ерекшелігі - әлеуметтік бағыт, заманауи қоғамдық-саяси процестерді үйлестіру екенін айтады.

«Есіңізде болса, 2013 жылы «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиядан «Нұр Отан» партиясы болып өзгертірленнен соң қабылданған партия Доктринасы «Нұрлы болашақ жолында» деп аталған еді. Ал сайлауалды бағдарлама 2016 жылы «Бірлік. Тұрақтылық. Жарқын болашақ» деп аталған. Басқаша айтқанда, партия өзінің стратегиялық құжаттары арқылы шынайы мақсаттары мен жоспарларын айқындайды», - дейді сарапшы.

Жоғары қарай