Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Сарапшы: қарашада коронавирусқа шалдыққан ресейліктердің саны 1 млн-нан асуы мүмкін

2021 жылдың 12 қазан 2021 23:16

МӘСКЕУ. ТАСС ҚазАқпарат - Коронавирус инфекциясын жұқтырған ресейліктердің саны бір айдан кейін, 10 қарашаға қарай 1 миллион адамнан асуы мүмкін, ал анықталған жағдайлардың күнделікті саны 26,8 мыңнан 35,8 мың аралығында болмақ. Бұл туралы Петербург мемлекеттік университетінің кафедра меңгерушісі Виктор Захаров мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Есептеулер авторлары елде коронавирустың таралуының бірнеше сценарийін қарастыруда. Ең пессимистік болжам бойынша, 10 қарашаға дейін науқастардың саны 1,04 миллион адамға жетеді, ал ең оптимистік болжам - 920 мың.

Аурудың жалпы санының пайыздық өсімі 0,41% деңгейіне жететін пессимистік сценарий бойынша індет жұқтырудың жаңа жағдайларының саны 1 қарашаға дейін тәулігіне 33 846 –ға, ал 10 қарашаға қарай 10 - 35 887 жағдайға дейін өседі.

«Ауруға шалдыққандар санының төмендеуі үшін вакцинацияланған адамдардың саны қазіргіден әлдеқайда көп болуы қажет», - деді Захаров.

Пандемия басталғалы әлемде 238,3 миллионға жуық адам коронавирус жұқтырды, 4,8 миллионнан астам адам қайтыс болды. Ресейде, коронавируспен күрес жөніндегі федералды жедел штабтың мәліметі бойынша, 7 832 964 жағдай тіркелді, 6 894 285 адам сауықты, 218 345 адам қайтыс болды.


Жоғары қарай