Ауа райы
Астана 4 °С
Алматы 10 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Сарапшы: Біріктірілген COVID-19 статистикасы - өте дұрыс шешім

2020 жылдың 3 тамыз 2020 17:23

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» ҰАК» Медициналық қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру департаментінің директоры Светлана Пономарева Қазақстанда COVID-19-ға қатысты бірыңғай статистика туралы пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Статистиканы біріктіру - Денсаулық сақтау министрлігі қабылдаған өте дұрыс шешім болды», - дейді Светлана Понамарева.

Ол статистикаға өткен кезеңді де кіргізу керектігін айтты.

«Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынған код бойынша есепке алу тамыз айынан басталды. Бірізділік болу үшін өткен кезеңдегі жағдайларды да есепке алу керек деп санаймын. ДДСҰ ұсынысы кейін болғанын түсінеміз, бірақ оған дейінгі кезеңде ауырып, емделіп алғандар бар. Белгілі бір уақыт өткеннен кейін оларға да сараптама жасап, бір тәсіл бойынша статистика беру керек», - дейді ол.


Жоғары қарай