Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Сапархан Омаров картоп егістіктері бойынша жұмысы нашар өңірлерді айтты

2021 жылдың 10 маусым 2021 11:32

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Егіс науқанының қорытындысы бойынша қарақұмық пен картоп алаңдары ұлғайтылды. Бұл туралы Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ішкі нарықты азық-түлік тауарларымен толықтыру жөніндегі алға қойылған міндетке сәйкес қарақұмық, картоп, қант қызылшасы сияқты әлеуметтік маңызы бар дақылдардың алаңдарын кеңейту бойынша нақты жұмыстар жүргізілді. Мәселен, егіс науқанының қорытындысы бойынша қарақұмық алаңы 39 мың гектарға, картоп алаңы 5,8 мың гектарға ұлғайтылды, қант қызылшасының алаңы өткен жылдың деңгейінен 1 мың гектарға артты», - деді С. Омаров.

Оның айтуынша, аталған дақылдар өндірісін ұлғайту ішкі нарықты әлеуметтік маңызы бар ауыл шаруашылығы өнімдерімен толықтыруға және отандық өңдеуші кәсіпорындардың жүктемесін арттыруға ықпал ететін болады.

«Бұл ретте, Қарағанды, Батыс Қазақстан және Алматы облыстары әкімдіктерінің қарақұмық, ал Қызылорда және Шығыс Қазақстан облыстарының картоп бойынша жұмыстарының төмен деңгейде екендігін атап өтеміз», - деді министр.

Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін Үкімет отырысында Премьер-Министр Асқар Мамин ауыл шаруашылығы саласына қатысты бірқатар тапсырма берді.



Жоғары қарай