Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Сапархан Омаров ауыл тұрғындарына берілетін несие түрлерін атады

2021 жылдың 20 сәуір 2021 11:36

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Алдағы 5 жылда ауыл тұрғындарына 250 млрд теңге сомаға 50 мың микрокредит беру жоспарланған. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жалпы импортты алмастыру аясында 2024 жылға дейін 19 құс фабрикасын, жыл сайын 35 тауарлық сүт фермасын, 9 ет комбинатын іске қосу, сондай-ақ Жамбыл облысында

1 жаңадан қант зауыты құрылысы жоспарланған. 6,6 мың гектар алаңда жаңа қарқынды бақ отырғызу көзделген. Бұл жобаларды енгізу ауылда 20 мыңға жуық жұмыс орнын құруға мүмкіндік берді», - деді министр.

Оның атап өтуінше, «Еңбек» бағдарламасы аясында алдағы бес жылда ауылдарда 250 млрд теңге сомаға 50 мың микрокредит беру жоспарланып отыр.

«Аталған бадарлама бойынша өткен жылдың өзінде осы мақсаттарға 43,2 млрд теңге бағытталды. Бұл 11 мыңнан астам микрокредит беруге мүмкіндік берді. Оның 60 пайызын стартап-жобалар құрайды. Бағдарламаны іске асыру ауылда 11 мың тұрақты жұмыс орнын құруға мүмкіндік берді. Сондай-ақ, «Сыбаға» бағдарламасы бойынша жеңілдетілген кредит беру аясында 2025 жылға дейін етті мал шаруашылығында 175 млрд теңге сомасына 2 500 шаруашылыққа кредит беру жоспарлануда, нәтижесінде 10 мың жұмыс орны құрылады», - деді Сапархан Омаров.

Министрдің дерегінше, қой шаруашылығында «Алтын асық» бағдарламасы бойынша 117,2 млрд теңге сомасына 11 мың шаруашылыққа кредит беру жоспарланған. Бұл 33 498 жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.

«Кең Дала» бағдарламасы бойынша жыл сайын көктемгі дала және егін жинау жұмыстарын жүргізуге 70 млрд теңге көлемінде бюджеттік кредит бөлінеді. Биыл 2 400 тауар өндірушіге 3 млн гектар алаңға ауыл шаруашылығы дақылдарын егу үшін жалпы сомасы 70 млрд теңге қысқа мерзімді кредит беру көзделген. Бүгінгі күні бағдарлама аясында 1 923 ауыл шаруашылығы еңбеккері жалпы сомасы 63,0 млрд теңгеге қаржыландырылды», - деді ол.


Жоғары қарай