Ауа райы
Астана 9 °С
Алматы 15 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Санкт-Петербург КВИ өлімі бойынша Ресейде бірінші орынға шықты

2020 жылдың 16 шілде 2020 21:10

МӘСКЕУ. ҚазАқпарат – Ресейде коронавирус жұқтырғандардың жалпы саны 750 мың адамнан асты, деп хабарлайды ҚазАқпарат меншікті тілшісі.

Ресей Федерациясының 85 өңірінде 752 797 адам (+0,9%) коронавирус инфекциясын жұқтырған, деп хабарлады КВИ-ге қарсы күрес жедел штабы.

Індет басталған кезеңде барлығы 531 692 адам емделіп шығып, 11 937 адам қайтыс болды.

Соңғы тәулікте 6428 адамның ауруға шалдыққаны анықталды, 8443 адам емделсе, 167 адам коронавирустан көз жұмды.

16 шілдедегі жағдай бойынша, Санкт-Петербургте коронавирус инфекциясынан қайтыс болғандар 5,92%-ды құрап отыр (жұқтырғандар саны – 28662, қайтыс болғандар - 1698 адам). Бұл Ресейдегі жалпы көрсеткіштен 1,59%-ға жоғары.

Мәскеуде бұл көрсеткіш - 1,84%. Сондай-ақ, адамдардың індеттен қайтыс болу деңгейі Дағыстан Республикасында - 4,85%, Тверь және Тула облыстарында - 2,56% және 2,21%.


Басты сөздер: Коронавирус, Ресей,
Жоғары қарай

Warning: file_put_contents(): Only 0 of 15740 bytes written, possibly out of free disk space in /home/admin/web/lenta.inform.kz/public_html/system/classes/Kohana/Core.php on line 920