Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Санаққа қатысудан бас тартқандарға шара қолданыла ма

2021 жылдың 15 қыркүйек 2021 17:34

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Санаққа қатысудан бас тартып, өзі туралы мәлімет бермеген азаматтаға қарсы шара қолданыла ма? Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде Ұлттық статистика бюросының басшысы Нұрболат Айдапкеловке осындай сұрақ қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жалпыұлттық санақ кезінде интервьюерлердің анкета бойынша қойылған сұрақтарына жауап беруден бас тартқандарға заңнамада норма қарастырылған. Бұл норма барша статистикалық ақпараттарды ұсыну мәселесін қозғайды. Оның ішінде халық санағы да бар. Бірақ бұл норма санақ кезінде өзі туралы мәлімет ұсынудан бас тартқан адамдарға қарсы ешқашан қолданылып көрген жоқ. Біз барынша үгіт-насихат жүргізіп, пікірін өзгерту бағытында жұмысқа күш саламыз. Азаматтарымыздың да бұл іске саналы түрде қарайтынына үміттенеміз. Сондықтан, бұл норма ертең қолданылып, бас тартқандардың бәріне айппұл саламыз десек, шындыққа жанаспайды», - деді бюро басшысы.

Аталмыш шарада Нұрболат Айдапкелов санақ қорытындысын кімдер көре алатыны айтқан болатын.

«Біріншіден, біз санақ қорытындысы бойынша базаны өңдегеннен кейін оны арнайы кестелер бойынша интернеттегі сайтымызға саламыз. Бірақ базаға нақты талап бойынша кіруге болады. Басты талап – санақ қорытындысымен танысқысы келген адам ғылыммен айналысатынын дәлелдеуі керек. Сонымен бірге ІР-сервис арқылы біздің жүйеге кіру мүмкіндігі болуы керек. Сол талаптарды сақтаса, деединтификациялық мазмұндағы базаға кіруіне болады», - деді ведомство басшысы.


Жоғары қарай