Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Самара-Шымкент тасжолында мас жүргізушінің көлігінен екі мылтық табылды

2021 жылдың 11 қазан 2021 00:48

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - «Самара - Шымкент» автожолында мас болып көлік тізгіндеген жүргізуші ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл жайында Ақтөбе облыстық полиция департаменті Instagram парақшасында мәлім етті.

10 қазан күні сағат 02.00 шамасында «Самара - Шымкент» тасжолының 795-шақырымында патруль полициясының рота қызметкерлері Toyota Prado көлігін тоқтатқан.

Тексеру кезінде жүргізушінің мас екені белгілі болды.

Автомашинаны қарап жатқанда оның жүксалғышынан тегіс ұңғылы екі қару табылды. Олардың құжаты жоқ.

Сондай-ақ көлікте екі жолаушы болған.

Жүргізушіге қатысты Әкімшілік құқық бұзу кодексінің 608-бабына сәйкес іс қозғалып, хаттама толтырылған.

Аталған көлік жолаушыларымен бірге Ақтөбе облыстық полиция департаменті Хромтау аудандық полиция бөліміне жеткізілді.



Жоғары қарай