Ауа райы
Астана -2 °С
Алматы 3 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Салт атты курьер алматылықтарды таң қалдырды

2020 жылдың 24 қыркүйек 2020 11:23

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы орталығында атқа мінген курьер көпшіліктің назарын аударды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл видеоролик әлеуметтік желіде тарап кетті. Назарбаев және Сәтпаев көшелерінің қиылысында салт атты курьердің кетіп бара жатқанын куәгерлер түсіріп алған.

Қалалық полиция департаментінің патрульдік полиция экипажы ат мінген жігітті тоқтатып, түсіндіру жұмыстарын жүргізген.

«Бұл - үлкен мегаполис ішінде тыйым салынған көлік. Ат мінгені үшін жауапкершілік қарастырылған. Жігіт айтылған нәрсені түсінгенін, енді ондай қателік жасамайтынын айтты», - деді полиция департаментінен.



Автор Гүлмира Ғосманәли
Басты сөздер: Оқиға, Алматы,
Жоғары қарай