Ауа райы
Астана -2 °С
Алматы 4 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Сақтаныңыз- туберкулез!

2020 жылдың 21 қыркүйек 2020 13:00

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ел арасында құрт ауруы деп аталатын туберкулез бен оның қоздырғышы — Кох таяқшасы жайлы бәріміз білеміз. Алайда, көпшілігіміз өмірде сақтық шараларын елей бермейміз.

Әлемде күн сайын 4 мыңнан астам адамның өмірін жалмап отыратын дерт жайлы тереңірек білгіңіз келе ме?

Туберкулездің қауіптілігі соншалық, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы оны ВИЧ-індетімен қатар қояды. ДДСҰ мәліметінше, осы дерттен 1,7 млн адам қайтыс болған. Оның 60 пайызы Орта-Азия аймағы елдерінің еншісінде. Өлім-жітім көрсеткіші жағынан ол жүрек-қан тамыры аурулары мен қатерлі ісіктен кейін үшінші орында тұр.

Әсіресе, туберкулездің иммунитеті әлсіз адамдар үшін қауіпті екенін біле бермейміз. Ал, иммунитеттің әлсіреуіне шаршап-шалдығу, дұрыс тамақтанбау, күйзеліс, қорғаныс жүйесі жұмысының бұзылуына әкеп соқтыратын басқа да аурулар себеп. Сонымен қатар, туберкулез жұқтыру қаупі жоғары саналатын топқа балалар мен қарттар да жатады. Өйткені, олардың иммундық жүйесі әлсіз.




Қазақстанда ауруханаға түсетіндердің басым бөлігі ауруын әбден асқындырып алғандар. Сондықтан аурудың алдын алу мәселесіне көбірек ден қойғанымыз жөн. Профилактика әр адамның таным-түсінігіне келіп тірелетін мәселе. Соны өзгерткенде ғана азаматтардың өз денсаулығына деген қарым-қатынасын жақсартуға болады. Ең алдымен, әр адам жыл сайын емханаға барып медициналық зерттеулер өтіп тұруды әдетке айналдыруы тиіс. Бұл туберкулездің ғана емес, өзге де дерттердің алдын алуға көмектеседі.

Қазақстанда туберкулезді анықтау мен оның алдын алу, емдеу, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету кепілдендірілген медициналық көмек пакетіне кіреді. Ауру тегін емделеді. Осы дертке шалдыққандарды анықтау, емдеу мен әлеуметтік қолдауға мемлекет бюджеттен қомақты қаржы бөлінді.

Туберкулез белгілері бірден байқала қоймайды. Әдетте, ол ұзақ уақыт бойы ағзада дамып, көбіне өкпе тіндерін зақымдайды. Оның белгілерінің жүре келе пайда болатыны да сондықтан. Бірақ көп ұзамай тоқтаусыз жөтелу, кейде қан аралас қақырық түсу, кеуде қуысының ауыруы, өз-өзін жайсыз сезіну, салмақ жоғалту, қалшылдау сынды белгілер пайда болады.

Ең бастысы — туберкулезді емдеп жазуға және оның алдын алуға болады. Жұқтырған күннің өзінде дер кезінде, дұрыс емделсе пациенттің құлан-таза айығып кетуге мүмкіндігі бар. Соңғы жылдары елімізде аталған індетке шалдығу көрсеткіші 2,4 есеге қысқарған. Жұқпалы ауруды жаңадан жұқтыратындар саны екі есе, өлім-жітім көрсеткіші алты есеге дерлік азайған.



Басты сөздер: Медицина,
Жоғары қарай