Ауа райы
Астана -1 °С
Алматы 6 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Сағынтаев: Реновация қала тұрғындарының өмір сүру сапасын оңалтуға бағытталған

2020 жылдың 18 қыркүйек 2020 09:55

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев реновация жобалары туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Реновация бағдарламасы бойынша қаладағы ескі үйлерді сүру жолымен «ескі» аумақтар кешені жаңарып, тұрғындар жаңа үйлерге көшеді.

Б. Сағынтаев Instagram-дағы парақшасында хабарлағандай, реновация бағдарламасы мыңдаған қала тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартуға және құрылыс саласына инвестиция тартуға бағытталған.

«Қалада 1444 ескі үй бар. Соның 609-ы Түрксіб ауданына тиесілі. Мұнда Алматы әкімдігінің күрделі құрылыс кәсіпорны 62 пәтерге арналған 5 қабатты екі үй тұрғызды. Үш ескі үйдің (42 пәтер) орнына инвесторлардың күшімен 152 пәтерлік 7 үй бой көтереді. Осипенко көшесінде 59 пәтерлі екі үйдің құрылысы басталады. Сондай-ақ жеке инвестордың есебінен 30 ескі екі қабатты үйдің орнына 1252 пәтерге арналған 26 заманауи бес қабатты ғимарат салу жоспарлануда», - деп жазды Алматы әкімі.

Алматы әкімдігінің күрделі құрылыс кәсіпорны Түрксіб ауданында реновция жобасын Сауранбаев — Молдағалиев — Чернышевский — Толстой көшелері аумағында іске асыратын болады. Жеке инвестор ауқымды жоба бойынша жаңа үйлерді осыдан 60 жыл бұрын салынған екіқабатты ескі үйлер тұрған Сейфуллин даңғылы — Ақан сері — Кассин — Котельников көшелерінің аумағында салатын болады.

Сонымен қатар, Бақытжан Сағынтаев Медеу ауданында 21 пәтерге арналған ескі үш үйдің орнында 303 пәтерлі 6 үйдің құрылысы аяқталып қалғанын атап өтті. Жетісу ауданында 70 пәтерлі 8 ескі үйдің орнына инвесторлармен бірге 489 пәтерлі 7 үйдің құрылысын бастау жоспарланған.


Автор Алма Мұқанова
Басты сөздер: Әкім, Құрылыс, Алматы,
Жоғары қарай