Ауа райы
Астана 14 °С
Алматы 20 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Сағынтаев: Коронавируспен күресте алдыңғы кезектегі 10 қадамды анықтадық

2020 жылдың 6 шілде 2020 19:28

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Онлайн брифинг барысында Бақытжан Сағынтаев коронавирустың таралуын болдырмау мақсатында қала әкімшілігінің алдында тұрған басты міндеттерді айтып, коронавирус пандемиясымен күресте қабылданып жатқан шараларды түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бақытжан Сағынтаев жарияланған карантиннің басты мақсаты - адам өлімінің көбеюіне әкелетін және экономикаға кері әсерін тигізетін жаппай жұқтырудың жағымсыз жағдайларын болдырмау екенін атап өтті.

«Ұзақ мерзімді карантин ауру ошақтары мен тәуекел аймақтары бойынша икемді, таргеттелген болуы тиіс. Ол үшін бізге қала өмірін карантиндік шараларының қызмет етіп отырған экономикамен бірігетіндей ұйымдастыру қажет. Бізге халық та, бизнес те қабылдайтын мегаполис өмірін ұйымдастырудың жаңа логистикасы қажет», - деді Бақытжан Сағынтаев.

Осылайша, коронавирус пандемиясымен күрестің бірінші кезектегі 10 қадамы анықталды:

1. Алматы – Алматы облысы макроөңірі деңгейінде карантин режимін синхрондау: Алматы агломерациясы - біртұтас шаруашылық организм. Оңтайлы шешім - Алматы мен Алматы облысында эпидемияға қарсы бірыңғай саясатты жүргізе отырып, қала маңындағы ортақ тәсілді, бірыңғай қауіпсіздік нормаларын, бақылау мен басқарудың жалпы жүйесін әзірлей отырып, «қаланы жабуға» жол бермеу.

2. Вирустық қауіптілік деңгейі бойынша аумақтарды сегменттеу: індеттің жаңа кезеңінде жұқтыру ошақтарын бұғаттауда – бұғаттан шығаруда «нақты» тәсіл.

3. Бизнес үшін карантиндік хаттамалардың орындалу мониторингі: барлық кәсіпорындарда вирусқа қарсы режимнің енгізілуі. Бұл режим әртүрлі кәсіпорындар үшін халықпен байланысудың қарқынына қарай өзгеріп отырады.

4.Тұрғындарға медициналық көмекті дұрыс ұйымдастыру: міндет - медициналық жүйе пациенттердің ағымын жеңе алмайтын кезде «эпидемиялық дағдарыстың» алдын алу.

Азаматтарды қорғаудың бес эшелоны құрылды:

1-ші эшелон. Барлық медицина қызметкерлері мен медициналық мекемелерді вирусқа қарсы қорғаудың қатаң шаралары. Шаралар, соның ішінде, COVID 19 тікелей жұмыс істемейтін медицина қызметкерлеріне қолданылады;

2-ші эшелон. Жеңіл түрде және симптомсыз жұқтырғандар үшін үйде емдеу (бақылау).

3-ші эшелон. Орташа формадағы науқастар үшін стационарлық емдеу. Сонымен бірге, емді соңына дейін жеткізу стационарлары.

4-ші эшелон. Ауыр түрдегі науқастар үшін стационарлық емдеу;

5-ші эшелон. Жансақтау бөлімшелері.

Эшелондалған тәсіл медициналық ресурсты жедел бөлуге және 4 – ші және 5 – ші эшелондардың шамадан тыс жүктелуіне жол бермеуге мүмкіндік береді.

5. Жедел жәрдем жұмысын маршруттау: қорғау эшелондарына сәйкес, 4-ші және 5-ші эшелондарға ең жоғары жүктемелерден аулақ болу.

6. Жалпы қалалық плазма банкі: жаңа бағыт пысықталатын болады. Вирус антиденелері бар сауықтырылған адамдардың қан плазмасы маңызды емдеу ресурсы болып табылады және ауыр жағдайдағы адамдарды құтқару үшін қолданылады.

7. Көлік ағыны және азаматтардың қозғалу трафигін талдайтын Цифрлы әкімшілік, әсіресе эпидемия өршіген жағдайда.

8. Әлеуметтік мониторинг: COVID – 19 жұқтырған адамның мінез-құлқын бақылаудың сандық жүйесі (арнайы мобильді қосымша). Жүйе үйде емделіп жатқантардың карантинді қалай ұстанатынын, карантин тәртібін бұзушыларды жедел анықтауға және бұзушылықтарды жоюға, сол арқылы инфекцияның одан ары таралуын болдырмауға мүмкіндік береді.

9. Екінші толқынға дайындық: барлық жинақталған медициналық ресурс және барлық ұйымдастыру ресурсын жаңа жұмылдыруға 100% дайындықта ұстау. Жинақталған ресурстардың аудиті (төсек-орын, кадрлар, жабдықтар, технологиялар және т. б.).

10. Жаппай вирусқа қарсы насихат: халықты эпидемияға қарсы ұзақ мерзімді күреске дайындау. Эпидемияға қарсы нормалар мен ережелерді дамыту, насихаттау, дәрігерлер мен волонтерлердің ерлік жұмысын жариялау.


Автор Алма Мұқанова
Басты сөздер: Әкім, Коронавирус, Алматы,
Жоғары қарай