Ауа райы
Астана -22 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Садыр Жапаров экс-президент Сооронбай Жээнбеков туралы Жарлыққа қол қойды

2020 жылдың 16 қазан 2020 19:23

БІШКЕК. КАБАР – ҚазАқпарат – Қырғыз Республикасы президентінің міндетін атқарушы Садыр Жапаров экс-президент Сооронбай Жээнбеков туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Кабар агенттігіне сілтеме жасап.

Қырғыз үкіметі аппаратының ақпаратпен қамтамасыз ету бөлімінің хабарлауынша, «Қырғыз Президенті қызметінің кепілдіктері және Қырғыз экс-президентінің мәртебесі туралы» заңға сәйкес Қырғызстанның экс-президентіне қатысты заңнамада көзделген барлық нормалар сақталады.

Бұл Жарлық қол қойылған сәттен бастап күшіне енеді.

Еске салсақ, Қырғыстан Премьер-министрі Садыр Жапаров өзін президент міндетін атқарушы ретінде жариялады.

15 қазан күні Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков елде қалыптасқан қоғамдық-саяси жағдайға байланысты ел халқына үндеу жасады.

Ол үндеуде отставкаға кету жөнінде шешім қабылдағанын айтты.


Басты сөздер: Қырғызстан, Әлем,
Жоғары қарай