Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Садриддин Ахмедов Мексикада 3 титул үшін айқас өткізеді

2021 жылдың 27 қаңтар 2021 16:45

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 29 қаңтар күні Мексиканың Куэрнаваке қаласында қазақстандық кәсіпқой боксшы Садриддин Ахмедов (11-0, 10КО) Нидерланд өкілі Стивен Даньоға (17-3-3, 6КО) қарсы жекпе-жек өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.


ВКонтакте әлеуметтік желісіндегі «Қазақстанның кәсіпқой боксы» парақшасында мәлім етілгендей, бастапқыда боксшылар орта салмақтағы 4 белдікті сарапқа салатыны айтылған: WBA Continental, NABF, WBC Francophone және NABO. Алайда, қазір BoxRec.com сайтында жекпе-жек профилінен NABO титулы алынып тасталған.

«Шоу ұйымдастырушысы - Eye of the Tiger Management компаниясы да боксшылар 4 емес, 3 белдік үшін жұдырықтасатынын мәлім етті. Іс-шара Қазақстан уақыты бойынаш 30 қаңтар күні өтеді», - делінген ақпаратта.

Айта кетейік, Садриддин Ахмедов соңғы рет рингке 2019 жылдың желтоқсанында шыққан болатын. Бұл оның Мексикадағы алғашқы жекпе-жегі болмақ. Ол бұған дейін тек Канадада өнер көрсетіп келді. Сондай-ақ «Солдат Q» бір рет Қазақстанда жекпе-жек өткізді.


Перевод Мира Төлендіқызы
Басты сөздер: Бокс, Спорт,
Жоғары қарай