Ауа райы
Астана 23 °С
Алматы 20 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Сәбиін зиратқа тастап кеткен көкек ана іздестірілуде

2020 жылдың 31 мамыр 2020 16:57

ЖІТІҚАРА. ҚазАқпарат – Жітіқара ауданында сәбиін зират басына қалдырып кеткен әйел іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Жітіқара ауданында зират ішінен жаңа туған сәбидің денесі табылды.

Қазір осы дерек бойынша Қостанай облысының полициясы «Жаңа туған баланы анасының өлтіруі» бабымен қылмыстық іс қозғады

«Қазіргі уақытта сәби өлімінің себептері зерттелуде. Оны тастап кеткен әйелге, оқиға куәгерлеріне іздеу салынды», - дейді полицияның баспасөз қызметіндегілер.

Полицияның мәліметінше, сәбиді зират ішіне әкеліп, пакетке салып кеткен.


Жоғары қарай