
Президент маңызды салаларда нақты мақсаттарды айқындады - Бақытжан Жұмағұлов
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Парламент Сенатының депутаты Бақытжан Жұмағұлов бүгін VII шақырылымдағы Парламенттің бірінші сессиясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Президенті Премьер-Министрді тағайындауға қатысты: Пікірталас ашық әрі айқын болды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-Министр лауазымына Асқар Маминнің тағайындалуына қатысты пікір білдірді, хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жаңа құрамдағы Мәжіліс: Палатаның екі комитетін парламенттік оппозиция өкілдері басқарады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 7-ші шақырылған Парламенттің 1-ші сессиясын ашты. Мемлекет басшысы құрамы жаңғырған жаңа Мәжілістің қызметке кірісуі еліміз үшін символдық мәні бар екі оқиғамен тұспа-тұс келіп отырғанын атап өтті. Ол – ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы мен қазіргі заманғы Қазақстан парламентаризмінің ширек ғасырлық белеске жеткені. Мемлекет басшысы осы тарихи кезеңде сенім мандатына ие болған депутаттар халық үмітін ақтап, Отанымызға адал қызмет ететініне сенім білдірді.

Қазақстанда бизнес ашуға қатысты шығынды төмендетуге бағытталған құжат әзірленуде
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда бизнесті ашу мен жүргізуде шығындарды төмендетуге бағытталған заң жобасы әзірленіп жатыр. Бұл туралы бүгін жетінші шақырылған ҚР Парламентінің бірінші сессиясында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Еліміздегі 3500-ден астам ауыл жаңғыртылмақ
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Айналасындағы елді мекендердің тірегі саналатын әрбір ауылға баратын жолдар мен республикалық маңызы бар күре жолдар 100 пайыз жөнделеді. Бұл туралы бүгін жетінші шақырылған ҚР Парламентінің бірінші сессиясында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Құқық қорғау органдарының жұмысын барынша өзгерту қажет - Президент
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін жетінші шақырылған ҚР Парламентінің бірінші сессиясында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сот қызметі туралы ақпарат қоғам үшін неғұрлым қолжетімді болуы керектігін атап өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сот корпусын едәуір жаңартып, оған түрлі құқық салаларының мамандарын тарту керек - Тоқаев
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін жетінші шақырылған ҚР Парламентінің бірінші сессиясында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сот жүйесінің тәуелсіздігін нығайта түсу үшін реформаны соңына дейін жеткізуіміз керектігін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мемлекеттік басқарудың жаңа моделін енгізу айрықша маңызды - Президент
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін жетінші шақырылған ҚР Парламентінің бірінші сессиясында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев азаматтардың билік органдарына сенімін нығайтуға үшін бар күш-жігерді жұмсау керектігін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Барлық салаларда дәйекті өзгерістер жасаймыз – Қасым-Жомарт Тоқаев
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Біз 2025 жылға қарай әрбір азамат үшін тиімді институтционалдық және инфрақұрылымдық орта қалыптастырамыз. Бүгін жетінші шақырылған ҚР Парламентінің бірінші сессиясында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ары қарай

Мұрағат
Жоғары қарай