Ауа райы
Астана -2 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Румынияда Алтын Орданың 750 жылдығын атап өтеді – СІМ

2019 жылдың 19 желтоқсан 2019 13:36

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Румынияда 50 мыңнан астам татар диаспорасы тұрады. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Румыниядағы Елшісі Нұрбах Рүстемов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Румынияға барған кезде мен үшін тың жаңалық ашылды: ресми ақпарат бойынша ол жақта 50 мыңнан астам татар диаспорасы тұрады екен, ал бейресми ақпарат бойынша олардың саны одан да көп. Олар ата-бабалары Румынияға 1230 жылдары, Бату ханның тұсында барғандарын айтады. Өздерінің атаулары ескі бірнеше ауылдары бар», - дейді Нұрбах Рүстемов СІМ-де өткен брифингте.

Оның айтуынша, татар диаспорасының тілі мен қазақ тілінде айтарлықтай айырмашылық жоқ.

«Олар «Қалдарыңыз қалай?» деген сұраққа «ару» деп жауап береді, яғни «ару» деген сөз «жақсы» деген мағына береді екен. Түрік телеарналарын көретіндіктен, тілдері түрік тіліне бейімделіп кеткен. Олардың бірі өзін «ноғаймыз» десе, енді бірі «жоңғар татарымыз», енді бірі «түрік татарымыз» дейді. Ауылдары да осыған байланысты шоғырланған», - дейді ол.

Сондай-ақ, елші Қазақстан мен Румыния арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 27 жыл бұрын орнағаны туралы айтты.

«Дипломатиялық қатынас негізінде екі ел арасында саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық саланың іргетасы қаланды. Келесі жылы мемлекеттің білім академиясымен келісіп, сол жақта Алтын Орданың 750 жылдығын атап өтеміз», - дейді Нұрбах Рүстемов.

Жоғары қарай