Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Рухия Байдүкенді жанкүйерлері елорда әуежайынан күтіп алды

2021 жылдың 21 шілде 2021 07:47

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін түнде елорда әуежайында «Витебскідегі Славян базары» халықаралық байқауының жеңімпазы Рухия Байдүкенді жанкүйерлері күтіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақ халқынаалғысымды айтамын. Ең бастысы, халқыңның махаббатын сезіну, еліңнің сенімойындауы емес пе? Жеңісімді халқыммен бірге тойлағым келеді. Бала кезімненбергі арманым еді бұл. Бүгін алға қойған мақсатыма жеттім», – деді Рухия Байдүкен елорда әуежайында.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Рухия Байдүкен өз жеңісін қазақ еліне арнайтынын айтты.

Айта кетейік , 14 мемлекеттен келген қатысушы славян елінен шыққан композитордың туындысын славян тобына жататын тілдің бірінде оркестрдің сүйемелдеуімен орындады. Байқау нәтижесінде жерлесіміз Гран-при иегері атанып, «Алтын лира» мүсіншесімен бірге 20 мың АҚШ долларына ие болды.

Байқау жеңімпазы Рухия Байдүкенді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев арнайы құттықтады.

Одан бөлек, жас әншіні жеңісімен еліміздің Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова да құттықтады.

«Байқауға жалғыз өзім бардым. Алдымен Беларусь астанасы Минскіде президент оркестрімен дайындық өткіздік, сосын Витебскіге бардық. Байқау екі күнге созылды, жеңіске жететініме алғашында күмәндандым, себебі қарсыластарым мықты болды. Дегенмен барынша өзіме сенімділік таныттым», - дейді ол.


Басты сөздер: Мәдениет, Нұр-Сұлтан,
Жоғары қарай