Ауа райы
Астана 0 °С
Алматы 9 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Рухани жаңғыру: Түркістан облысында «Абай оқулары» онлайн байқауы өтті

2020 жылдың 18 қыркүйек 2020 12:56

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Абай оқулары» онлайн байқауы өтті.

Бұл байқау қазақтың ұлы ақыны Абай мұрасын кеңінен насихаттап, дарынды көркемсөз оқушыларын анықтау мақсатында ұйымдастырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Абай оқулары» онлайн байқауы халықтың әдебиетке және сөз өнеріне, ұлттық руханиятқа деген ықыласын арттыру бағытында өткізілді. Аталған іс-шара ағымдағы жылдың 27 тамызында басталып, 11 қыркүйекте аяқталған болатын. Байқауға облыс көлемінде 60-қа жуық үміткер қатысып, бақ сынасты. Байқаудың шарттарына сәйкес алғашқы кезеңде қатысушылар Абайдың кез-келген өлеңін мәнерлеп, жатқа оқып шықты. Ал, екінші кезеңде Абайдың қара сөздерін оқып өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында #Абайоқуларыруханижаңғыру хештегімен видеолар жүктеуі тиіс болатын. Байқау қорытындысының нәтижесінде үздіктер анықталып, марапатталды. Барлық жеңімпаздарға алғыс хаттар мен сыйлықтар берілді.





Жоғары қарай