Ауа райы
Астана 0 °С
Алматы 10 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

«Рухани жаңғыру»: Ақпарат министрлігі бағдарламаның халыққа пайдасын айтты

2020 жылдың 13 тамыз 2020 14:29

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Болат Тілепов «Рухани жаңғыру» бағдарламасының халыққа пайдасы жөнінде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихаты барысында вице-министрге әлеуметтік желіден «Бағдарламалық мақала жарияланғаннан бері 3 жыл өтті. Осы бір қиын кезеңде бағдарламадан қарапайым халыққа не пайда?» деген сұрақ қойылған еді.

«Оның пайдасын қолмен өлшей алмаймыз. Өйткені, өздеріңіз жақсы білесіздер, руханияттың өзінің – өлшемі жоқ дүние. Ал, енді «Рухани жаңғыру« бағдарламасының да бұл ретте, әрине, бір белгілі мерзімі жоқ. Өйткені, адамның санасының, жалпы қоғамның рухани дамуы – бұл күнделікті жүретін үрдіс. Ал нақты нәтижеге келер болсақ, баяндамамда атап өттім. Атқарылған жұмыс аз емес, нақты нәтижелер де бар. Мәселен, коронавирус індеті кезінде қиындықтарға қарамастан «Туған жер« жобасы аясында 1200-ден астам меценат азаматтарымыздың қатысуымен түрлі ауылды аймақтарда 228 әлеуметтік-мәдени маңызы бар нысан салды. Бұл дегеніңіз, ең алдымен, сол нысандарда тәрбие алатын, сол нысандарда білім алатын балаларымызға пайдалы», - деді Болат Тілепов.

Жоғары қарай