Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Роналду бір матчта үш рекорд орнатты

2021 жылдың 10 қазан 2021 10:27

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду халықаралық матчтарда гол салу саны бойынша рекорд орнатты, делінген Twitter-дегі «Манчестер Юнайтед» парақшасында.

Форвард 3:0 есебімен португалдықтар жеңген Катар командасына қарсы жолдастық матчта ерекше көзге түсті. Бұл құрама футболшының гол салған 46-шы құрамасы.

Сондай-ақ, шабуылшы құрамадағы гол саны бойынша өзінің әлемдік рекордын жаңартты. Енді оның активінде 181 матчтан 112 гол бар.

Роналду Португалия құрамасы құрамында 2016 жылы Еуропа чемпионы болды, Еуро-2004-те күміс және 2012 жылы құрлықтық біріншілікте қола алды. Сондай-ақ, 2019 жылы УЕФА Ұлттар лигасында жеңімпаз атанды.

Айта кетсек, Криштиану Роналду «Манчестер Юнайтед» футбол клубында 2003-2009 жылдары өнер көрсетті. Сол жылдар аралығында ол 292 матч өткізіп, 118 гол соқты. Роналду мүше болған сәтте МЮ құрамасы 3 рет (2007, 2008, 2009) Англия чемпионатында жеңіске жетті. Одан бөлек, 2008 аталған клуб Лигалық чемпионаттың жеңімпазы атанды.


Басты сөздер: Әлем, Спорт,
Жоғары қарай