Ауа райы
Астана -23 °С
Алматы -3 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Романо Проди: Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегін ерекше бағалаймын

2020 жылдың 1 желтоқсан 2020 12:38

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Италияның бұрынғы Премьер-министрі Романо Проди Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегіне ерекше баға беріп, Қазақстанды Орталық Азияның негізгі қозғаушы мемлекеті ретінде танитынын айтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Италияның белгілі саясаткері Қазақстанда алғаш рет ертеректе бір келіп кеткен. Содан бері Қазақстанның қалай гүлденіп келе жатқанын өз көзімен көрген. Романо Проди бертін елордадағы Назарбаев Университетінің ашылуына қатысып, ғалым ретінде ондағы профессорлардың біліктілігіне, біліміне ерекше тамсанған екен.

«Менің ойымша Назарбаев Университетінің өзі елдің келешегі үшін ашылған керемет білім ордасы. Мен жалпы болашақтың білімде екеніне әбден көзім жеткен адаммын. Қазақстан алып елдердің ортасында орналасқан, яғни географиялық тұрғыда орналасуының өзі күрделі. Әлбетте олармен әрдайым бейбіт келісімде болу керек. Кейінгі он жылдықтарда Назарбаев осы келісімді бекіте білді. Мен шынында да Нұрсұлтан Назарбаевтың келешекке сенімді түрде қадам басу жолындағы бұл еңбегін ерекше бағалаймын. Қазақстан халқы гүлденіп, сенімді болашаққа қадам баса беруін тілеймін», - дейді Романо Проди.


Жоғары қарай