Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Роман Скляр неміс компанияларының басшыларымен онлайн-келіссөз жүргізді

2022 жылдың 26 қаңтар 2022 19:58

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары Роман Скляр Германияның ірі компанияларының басшыларымен онлайн-кеңес өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Үкіметтің ресми сайтына сілтеме жасап.

Іс-шара Қазақстан-Германия сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастығын тереңдету, «жасыл экономиканы» дамыту, бірлескен жобаларды жүзеге асыру, сондай-ақ неміс инвесторларының құқықтарын қорғау шараларына арналды.

Онлайн кездесуге неміс компанияларының және олардың Қазақстандағы филиалдарының, соның ішінде Svevind Group, Volkswagen, Siemens, Deutsche Bank, Knauf, Deutsche Bahn AG және т. б. 90-ға жуық басшылары мен қызметкерлері қатысты. Сонымен қатар іс-шараға Германия Федеративтік Республикасының Қазақстандағы елшісі М. Иверсен, Германияның федералды мемлекеттік органдарының, салалық және аймақтық бизнес қауымдастықтарының өкілдері қатысты.





Роман Скляр өз сөзінде Германиядан келген серіктестерді Қазақстандағы қазіргі қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдай, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаевтың бастамалары мен Үкіметінің шаралары туралы хабардар етті.

Қазақстан Республикасы тұрақты экономикалық өсуді, халықтың әл-ауқатын қамтамасыз ету және инвесторлардың құқықтарын қорғау басты назарда екенін атап өтті. Ол Қазақстан үшін шетелдік әріптестермен ынтымақтастық ерекше маңызды екенін атап өтіп, неміс серіктестерін барлық міндеттемелер мен кепілдіктер мүлтіксіз және толық көлемде орындалатынына сендірді. Неміс бизнесінің өкілдері ESG талаптарының артуы, жаһандық энергетикалық және технологиялық ауысу жағдайында Қазақстанның инвестициялық тартымдылығын арттыру үшін жаңа Инвестициялық саясат тұжырымдамасын әзірлеу туралы хабардар болды. Өз кезегінде WILO SE президенті және басқарма төрағасы, Германия экономикасының Шығыс комитетінің төрағасы О. Гермес Германияның аймақтағы басты серіктесі Қазақстанмен ынтымақтастықтың маңыздылығына тоқталды.

Оның айтуынша елдің тұрақты энергия өндіруге үлкен әлеуеті бар және Германия үшін қалаулы серіктес болып табылады. Осы тұрғыда ол неміс бизнес-қауымдастығы Қазақстан Президентінің бастамаларын қолдайтынын және еліміздің дамуына үлес қосатынын баса айтты. Оливер Гермес сондай-ақ осы жылдың мамыр айында неміс бизнес-делегациясымен Қазақстанға іскерлік сапармен келуге ниетті екенін мәлімдеді. Сондай-ақ неміс бизнесінің өкілдері соңғы оқиғалардың Қазақстандағы компаниялардың ағымдағы және болашақтағы инвестициялық жоспарларына әсер етпегенін атап өтіп, инвестициялық ахуалды жақсарту бойынша жүргізіліп жатқан саясатты қолдайтынын білдірді.

Елші М. Иверсен, сондай-ақ CLAAS, Deutsche Bahn және Svevind Energy басшылары да ел басшылығының жағдайды тұрақтандыру және азаматтардың әл-ауқатын жақсарту бойынша қабылдап жатқан шараларын қолдады. Олар Қазақстан Республикасымен бірлескен жобаларды жүзеге асыру бойынша ынтымақтастықты жалғастыратындарын айтты. Соңында «сұрақ-жауап» форматында пікірталас өтіп, қатысушылар практикалық мәселелерді жүзеге асыруды талқылады.


Басты сөздер: ҚР Үкіметі, Экономика,
Жоғары қарай