Ауа райы
Астана 23 °С
Алматы 22 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 465.73
RUB 5.79
CNY 58.91

Роман Скляр мен Ерлан Тұрғымбаев елорда маңындағы су тораптарын тексерді

2020 жылдың 14 наурыз 2020 22:00

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 14 наурызда ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Роман Скляр мен Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев астана мен Ақмола облысының аумақтарын тікұшақпен аралап шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қосшы, Ильинка, Қажымұқан, Талапкер, Қоянды, Новомарковка елді мекендерінің, Вячеслав су қоймасының, Астана су реттегішінің, сондай-ақ Нұра өзенінің арнасы бойынша Преображенск су торабының қар қорына аэровизуалды тексеру жүргізілді.

Ұшу барысына Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин, «ҚазАвтоЖол» басшысы Ұлан Әліпов қатысты.

Көзбен шолып қарау аумақтың басым бөлігінде қар еру процесі тұрақты жүріп жатқанын көрсетті.

Құзыретті қызметтер жерден де, спутниктік зондтау көмегімен де тәулік бойы мониторинг жүргізуде.

Ішкі істер министрлігінің басшылығы Ақмола, Қарағанды, Қостанай, Шығыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарының жазық өзендерінде тұрақты мұз қатуы байқалатыны, ал кептелістің алдын алу мақсатында мұздарды қопсыту бойынша жарылыс жұмыстары жүргізілетіні туралы баяндады.



Жоғары қарай