Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Ролан Гаррос турнирінде қазақстандық теннисшілер алғашқы кездесулерін өткізеді

2022 жылдың 23 мамыр 2022 18:49

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгн Парижде Ролан Гаррос турнирінде қазақстандық теннисшілер алғашқы кездесулерін өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстанның ерлер арасындағы бірінші, әлемнің 42-ракеткасы Александр Бублик бірінші айналымда дүниежүзілік рейтингте 68-орында тұрған франциялық Артур Риндеркнехпен шеберлік байқасады.

Қазақстанның әйелдер арасында бірінші, әлемнің 16-ракеткасы Елена Рыбакина рейтингте 78-сатыдағы нидерландылық Аранча Руспен ойнайды.

Тағы бір қазақстандық, әлемнің 37-ракеткасы Юлия Путинцеваға кезек ертең келеді. Ол рейтингте 112-орындағы румыниялық Ирина Барамен кездеседі.

Франция ашық чемпионатында жұптық сындағы теннисшілерге де жеребе тартылды.

Александр Недовесов пәкстандық Айсам Курешимен бірге америкалықтар Маккензи Макдональд - Томми Пол, Александр Бублик аустралиялық Танаси Коккинакиспен бірге америкалық Натаниэль Ламмонс - поляк Камиль Майхшакпен, Андрей Голубев франциялық Фабрис Мартенмен бірге аргентиналық Себастьян Баэс - бразилиялық Фелипе Мелигени Алвеспен күш сынасады.

Юлия Путинцева америкалық Даниэль Коллинзбен бірге румыниялық Моника Никулеску - бельгиялық Алисон Ван Эйтванкты, Елена Рыбакина ресейлік Людмила Самсоновамен бірге америкалықтар Кори Гауфф - Джессика Пегуланы, Анна Данилина бразилиялық Беатрис Хаддад Майямен бірге жапониялықтар Эри Ходзуми - Макото Ниномияны сынап көреді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық жас теннисшілердің Бішкектегі турнирде үздік шыққанын жазған болатынбыз.


Автор Елжан Ералы
Басты сөздер: Спорт, Теннис,
Жоғары қарай