Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Риддерде үйі өртеніп кеткен отбасылар жаңа баспанаға көшті

2021 жылдың 21 қазан 2021 14:35

РИДДЕР. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласында өрттен зардап шеккен отбасылар жаңа үйлерге көшті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО ақпарат орталығының мәліметіне сүйенсен, жаңа «Ботаника» шағын ауданында 32 үй салынды.

Осыдан екі жарым ай бұрын үйі отқа оранған азаматтар бүгінде жаңа баспанасының кілтін алып отыр.

«Өңірдің құрылыс компаниялары үйлерді қысқа мерзім ішінде салып бітті. Олардың әрқайсысында заманауи жылыту пештері мен ас үй гарнитуралары орнатылған. Бізге көмек көрсеткен барлық адамға үлкен рахмет айтқым келеді», - дейді орман өртінен зардап шеккендердің бірі Анна Исенева.




Құрылыс компаниялары балалар мен спорт алаңдарын, оның ішінде футбол алаңын да салған. Орталық жарықтандыру, үйлерге асфальтталған жол жүргізілді.

Автобус аялдамалары да орнатылды. Жаңа шағын ауданға екі көпбалалы отбасы қоныстанған.

Шағын ауданның құрылысы алдағы уақытта да жалғасады. Жоспар бойынша биыл тағы 110 үй салу үшін учаскелер бөлінбек.

Естеріңізге сала кетсек, биылғы 10 мамырда ШҚО-дағы Риддер орман шаруашылығында өрт шықты. Дала өрті 310 гектар аумақты шарпып, 1 адам қаза тапты.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет пен Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі өрттен зардап шеккен Лесхоз кентінің тұрғындарына көмек көрсетіп, баспанамен қамтамасыз етуді тапсырған болатын.











Жоғары қарай