Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Риддерде адвокатты қорлаған ер адам жұмысқа тартылды

2021 жылдың 31 мамыр 2021 23:48

РИДДЕР. ҚазАқпарат – Риддер қаласының тұрғыны адвокатты әдепсіз сөздермен қорлаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО бойынша ҚАЖД баспасөз қызметі мәліметіне сүйенсек, айыпталушы адвокаттың жеке басына қатысты ауыр сөздер айтып қорлаған. Ол адвокаттың жұмысына келіп, куәгерлердің көзінше әдепсіз сөздер айтқан.

Жәбірленуші полицияға хабарласып, ер адамның әдепсіз әрекеттеріне арыз түсірді. Сот шешімімен Риддер тұрғыны 100 сағаттық қоғамдық жұмысқа тартылған. Қазіргі уақытта ол қоғамдық жұмыстарды толығымен орындап шықты. Енді пробация қызметінің есебінен шығарылады.

«Айыпталушы сот үкімі күшіне енгеннен кейін пробация қызметіне есепке қойылып, қоғамдық жұмыстарды орындау үшін жергілікті атқарушы органға жіберілді. Сонымен қатар тәрбие және профилактикалық жұмыстар жүргізілді. Ол өз кінәсін түсініп, қоғамдық жұмысты атқарды. Енді сары қарай пробация қызметінің бақылауынан шығарылады», - деді Риддер қалалық пробация қызметінің бастығы Альмира Маилханова.


Жоғары қарай