Ауа райы
Астана 4 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 432.55
EUR 470.83
RUB 5.84
CNY 61.31

РФ Президенті Владимир Путин Дмитрий Медведевке жаңа қызмет ұсынды

2020 жылдың 15 қаңтар 2020 20:49

МӘСКЕУ. ҚазАқпарат – Ресей Президенті Владимир Путин РФ Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары жаңа лауазымын енгізіп, оған Министрлер кабинетінің бұрынғы басшысы Дмитрий Медведевті тағайындауды ұсынды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі.

В.Путин Министрлер кабинетіне қол жеткізілген жетістіктер үшін алғыс айтты. «Үкіметтің жаңа құрамы құрылғанға дейін өз міндеттеріңізді толық көлемде атқаруды сұраймын», - деді ол РФ Үкіметінің экс-төрағасымен кездесу барысында.

Ел Президенті сондай-ақ, Д.Медведевтің Премьер-министр лауазымында үлкен тәжірибесі барын және ол әр уақытта қауіпсіздік пен қорғаныс мәселелерімен айналысқанын атап өтті.

«Бұл мүмкін деп санаймын және одан нақты осы санаттағы мәселелерді қолға алуды өтіндім. Бұл мүмкін деп ойлаймын және алдағы жақын уақытта мұны іске асырамын – РФ Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары лауазымы енгізілетін болады. Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы Президент болып табылатыны белгілі. Егер қолданыстағы заңға өзгерістер енгізу қажет болса, мұны жасауға дайынмын. Таяу күндері депутаттарды да қолдау білдіруге шақыратын боламын», - деді РФ басшысы.

Еске салайық, бүгін В.Путин РФ Федералды жиналысының алдында жолдауын жариялап, онда алдағы кезеңдегі жұмыстардың басымдықтарын айқындады. Сондай-ақ ел Конституциясына өзгерістер енгізуді ұсынды. Кейін ел Үкіметі толық құрамда отставкаға кететіні мәлім болды.


Автор Мира Төлендіқызы
Басты сөздер: Әлем, Ресей,
Жоғары қарай