Ауа райы
Астана 15 °С
Алматы 17 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Рейд: Көкшетауда 88 нысан карантин режимін бұзған

2020 жылдың 10 маусым 2020 20:05

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Көкшетау 6 мобильдік топ облыс орталығында карантиндік шараларды сақтау бойынша рейд өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мобилдік топқа қалалық әкімдігі, қалалық тауарлар және көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы, қалалық ПБ және «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының жергілікті филиалы қызметкерлері кірген.

Көкшетау қалалық тауарлар және көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы басшысы Қанат Ысқақовтың айтуынша, 8-9 маусымда өткізілген рейд кезінде мониторингтік топ қоғамдық тамақтану, қызмет көрсету, мәдениет, туризм нысандары, сондай-ақ, азық-түлік және азық-түлік емес тауарларды сататын дүкендер, қоғамдық көліктерде жұмыс алгоритмін түсіндірді.

«Акция кезінде 802 қаулы мен жұмыс алгоритмі тапсырылды. Жалпы шара барысында 88 нысанда заңбұзушылықтар орын алды. Оның 57-і азық-түлік және азық-түлік емес тауарларды сататын дүкендердің үлесінде.




Атап айтқанда, әлеуметтік арақашықтықтың сақталмауы, көтерме және бөлшек сауда орындарында дүкеншілер мен тұтынушылардың маска тақпауы, санитайзер мен дезбарьерлердің жоқтығы, қоғамдық тамақтану орындарында отбасылық мерекелік шаралары өткізу, ас беру, кесте бойынша тазалау, қызметкерлерге термометрия жүргізу сияқты карантиндік талаптардың орындалмағаны анықталды», - дейді Қанат Ысқақов.

Ведомстводан атап өткендей, 9 маусымда жүргізілген рейд кезінде де бірқатар заңбұзушылықтарға жол берілгені анықталды. Мәселен, «Bedduin», «Caffein» кофеханасында, «Пинта» гриль барында персоналдарға медициналық бақылау жүгізілмеген, күніне 3 рет термометрмен тексеріп, жағдайларын сұрап, қағазға және электронды тіркемеген, жүргізілмеген, қызметкерлер маскасыз жүрген, болғанның өзінде оны дұрыс тақпаған. Дизенфекция құралы жеткіліксіз көлемде, бөлмеге тазалық тиім әрі кесте бойынша жүргізілмеген.




«Анықталған барлық заңбұзушылықтар бойынша кәсіпкерлерге ҚР ӘҚбК 462-бабының 3- бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Әкімшілік шара қолдану үшін іс материалдары Көкшетау қалалық мамандандырылған әкімшілік сотына жолданатын болады. Бұл бағытта жұмыстар одан әрі жалғаса береді», - деп толықтырды Қанат Ысқақов.














Автор Аслан Оспанов
Басты сөздер: Ақмола облысы, Карантин,
Жоғары қарай