Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ревакцинациядан бас тартқандарға шектеу қолданыла ма - министрлік жауабы

2021 жылдың 15 қазан 2021 18:02

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ревакцинациядан бас тартқандарға шектеу қолданыла ма? Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде Денсаулық сақта уминистрлігінің өкілдеріне осындай сауал қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл сұраққа Денсаулық сақтау министрінің орынбасары-ҚР Бас санитар дәрігері Ерлан Қиясов жауап берді.

«Ревакцинацияны вакцинаның үшінші дозасын алу деп атауға болады. Яғни, вакцинаның екі компонентін алып қойған азаматтарға бүгінде ревакцинанциядан өтпегені үшін қандай да бір қосымша шектеулер қарастырылып жатқан жоқ. Бұл мәселелерді әзірге қарап та жатқан жоқпыз. Бұл жерде айта кететін дүние, ревакцинация процедурасының өзі көп жағдайда алдын ала белгіленген топтар арасында өтеді.

Олардың кімдер екенін бағана да айттық. Яғни, бұл санатқа халықтың денсаулығы осал топтары жатады. Сондай-ақ, ағзадағы антидененің талдауы теріс нәтиже көрсеткен адамдар ерікті түрде ревакцинацияға келе алады», - деді Ерлан Қиясов.


Жоғары қарай