Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Республикалық автожолдарға «Сергек» камералары орнатылады

2020 жылдың 14 желтоқсан 2020 12:30

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Еліміздің республикалық маңызы бар автомобиль жолдарына «Сергек» камералары орнатылады. Бұл туралы бүгін «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Ұлан Әліпов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Елордада БАҚ өкілдерімен кездесу барысында Ұлан Әліпов келесі жылы республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында «Сергек» камераларын орнату жұмысы басталатынын айтты.

Аталған камералар жол жүрісі ережелерін бұзу фактілерін тіркеп отырады.

«Бізде арка орнату жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл аркаларды «Сергек» компаниясы орнатып, оларға камераларды іледі. Камералар қаладағыдай жұмыс істеп, жол жүрісі ережелерінің бұзылуын тіркеп отырады Яғни, республикалық жолдарда жол жүрісі қауіпсіздігін сақтауға бағытталған жұмыс жүргізіледі», - деп түсіндірді компания басшысы.

Оның атап өтуінше, автобанда рұқсат етілген жылдамдық - сағатына 140 шақырым.


Жоғары қарай