Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Республика бойынша 4 763 рұқсат етілмеген қоқыс үйіндісі анықталды

2021 жылдың 27 шілде 2021 10:31

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Республика бойынша 4 763 рұқсат етілмеген қоқыс үйіндісі анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Статистиканы ескерсек бұл проблеманы шешу барлық мүдделі ұйымдарды, оның ішінде қоғамды тарта отырып, түбегейлі шараларды қолдануды талап етеді. Бұған дейін Мемлекет басшысы ҚР Үкіметінің соңғы кеңейтілген отырысында осындай тапсырма берген болатын және оны орындау шеңберінде Экологиялық реттеу және бақылау комитетімен Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің, сондай-ақ Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қатысуымен рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерін анықтау және олардың пайда болуының алдын-алу бойынша ауқымды іс-шара ұйымдастырылды.




Бірінші рейд биыл 24 маусымда басталды және оны бір мезгілде бес ірі өңір: Қарағанды, Павлодар, Алматы, Ақмола және Шығыс Қазақстан облыстары өткізді.

Рекреациялық аймақтарға экология департаменттерінің, әкімдіктердің, жергілікті полиция қызметінің өкілдері және 30-дан астам эковолонтерлер шықты.




Бір күндік жұмыс нәтижесінде 20 заңсыз қоқыс орны анықталды, олардың 13-і сол күні жойылды. Сонымен қатар, 6 ескерту беріліп, 10 АЕК көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.

Естеріңізге сала кетейік, бұл рейдтік іс-шаралардың бастамасы ғана. Апатты үйінділерін жою кестесі ағымдағы жылдың қыркүйек айының соңына дейін барлық өңірлерге мерзімді сапарларды қарастырады. Кейінгі рейдтердің нәтижелері қосымша жарияланатын болады.





Жоғары қарай