Ауа райы
Астана 16 °С
Алматы 27 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Ресейліктерді қысқартылған жұмыс аптасы күтіп тұр

2020 жылдың 29 маусым 2020 07:33

МӘСКЕУ. ҚазАқпарат - Ресейліктер осы аптада 4 күн ғана жұмыс істейді. Ал 1 шілде күні жұмыс істегендер екі есе жалақы алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

29 маусым мен 5 шілде аралығында Ресейде жұмыс аптасы қысқарады. Өйткені 1 шілде - конституцияға енгізілетін түзетулер үшін дауыс беретін негізгі күн. Бұл күні елде демалыс жарияланған.

Ресей конституциясына түзету енгізу үшін дауыс беру 25 маусымда, елдің барлық өңірінде басталған еді. Ал Президент эжарлығымен дауыс беретін негізгі күн - 1 шілде. Бұл - елде коронавирус инфекциясы таралмас үшін қолға алынған шара.

Орталық сайлау комиссиясының қаулысына сәйкес, дауыс беретін учаскелер 25 маусым мен 1 шілде аралығында таңғы сағат 8-ден кешкі 8-ге дейін жұмыс істейді.

1 шілде күні жергілікті уақытпен кешкі 8-ден кейін дауыс санау басталады.


Перевод Жанат Қапалбаева
Басты сөздер: Әлем, Ресей,
Жоғары қарай