Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ресейдің Свердлов облысында 21 адам метил спиртіне уланып, мерт болды

2021 жылдың 22 қазан 2021 09:39

ЕКАТЕРИНБУРГ. ТАСС-ҚазАқпарат – Ресейдің Свердлов облысында метил спиртінен улану салдарынан көз жұмғандар саны 24 адамға жетті. Бұл туралы сотта журналистерге мемлекеттік айыптау өкілі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап,

«Бүгінгі күнде қайтыс болғандар саны – 24 адам», - деді прокурор.

Бұған дейін 18 адамның көз жұмғаны туралы хабарланған.

7-14 қазан аралығында Екатеринбургтің Чкалов ауданында бірнеше адам азаматтарға метил спиртін өткізген. РФ ҚК 238-бабы 3-тармағы («Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан, тұтынушылардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігі талаптарына сай келмейтін тауарлар мен өнімдерді өткізу») бойынша қылмыстық іс қозғалды.


Басты сөздер: Ресей, Оқиға, Әлем,
Жоғары қарай