Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ресейдің Пермь қаласы маңындағы мектепте оқ атылды

2021 жылдың 18 қазан 2021 11:32

МӘСКЕУ. ТАСС-ҚазАқпарат – РФ Пермь өлкесіндегі Сарс кентінде оқушы қарудан оқ атқан, зардап шеккендер жоқ. Бұл туралы дүйсенбі күні құқық қорғау органдарының дереккөзінде жазылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

«Пермь өлкесіндегі Сарс кентінде бір оқушы мектепке қару алып келген. Ол төбеге бір рет оқ атып үлгерген. Оқиға кезінде оқу орнында тек қана күзетші әйел болған, ол зардап шеккен жоқ», - делінген дереккөзде.

Мектеп оқушысы ұсталды. Оның бұл әрекетінің себебі анықталып жатыр. Оқ атылған қарудың түрі де анықталуда.

ТАСС ақпаратын Ішкі істер министрлігінің Бас басқармасы растады.

Айта кетейік, осыған дейін Перьм қаласындағы университтет атыс болып, 7 адамның мерт болғанын жазған едік.

Осы оқиғаға қатысты Қазақстанның Білім және ғылым министрі пікір білдірді.



Басты сөздер: Әлем, Ресей, Оқиға,
Жоғары қарай