Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Ресейдің кейбір университеттері «Болашақ» бойынша оқытатын ЖОО-лар тізіміне енді

2022 жылдың 28 қаңтар 2022 14:38

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ресейдің жетекші техникалық университеттері «Болашақ» бағдарламасы бойынша оқытатын ЖОО-лар тізіміне енді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Білім және ғылым министрлігіне сілтеме жасап.

Осылайша, Білім және ғылым министрлігі Президенттің тапсырмасын орындау бойынша тиісті жұмыстарды атқарып жатыр. Тізімге барлығы 27 елден 200-ден астам университет енгізілген. Енді техникалық бағыттағы мамандарды даярлайтын тізімге ресейлік ЖОО-лардан Н.Е.Бауман атындағы Мәскеу мемлекеттік техникалық университеті, «MИФИ» Ұлттық зерттеу ядролық университеті, М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті, Санкт-Петербург мемлекеттік университеті және Мәскеу физика-техникалық институты енді.

Сондай-ақ министрлік қазіргі уақытта «МИСиС» Ұлттық зерттеу техникалық университетін және ИТМО Ұлттық зерттеу университетін тізімге енгізу бойынша жұмыс жүргізіп жатыр.
«Болашақ» алдағы уақытта ауқымын басқа елдермен және университеттермен кеңейтеді.

Жоғары қарай