Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ресейдің Домбай тау курортындағы қар көшкіні: 1 адам мерт болды

2021 жылдың 19 қаңтар 2021 08:21

МӘСКЕУ. ТАСС – ҚазАқпарат – Ресей Федерациясы құрамындағы Қарашай-Черкес республикасындағы Домбай тау курортында шаңғы жолын қар көшкіні басып қалған болатын. Аталмыш оқиға салдарынан 1 адам мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ресейдің ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Ұзындығы 300 м болатын көшкін Домбай ауылындағы Мусса-Ачитара тауындағы шаңғы жолын басып қалған. Бір адам қаза тапты: ол — «Домбай» тау шаңғысы спорты және сноуборд федерациясының президенті Хаджи-Мурат Маршанкулов.

Қар үйіндісінің астында 4-тен 12 адамға дейін болуы мүмкін. Бір әйел адам құтқарылып, дәрігерлерге тапсырылды. Сондай-ақ қардың астынан алты адам өзі шыққан. Кейінірек ауылдан тағы екі адам тірі табылды.

«Көшкін түскен жолда болуы ықтимал делінген бірнеше адам қонақүйде болған» деп хабарлады дереккөз.

Алдын ала мәліметтер бойынша, төрт адам зардап шекті, деп хабарлады жедел қызметтерде.

8-878-226-01-00 жедел желі телефоны жұмыс істеп тұр.

ТЖМ мәліметінше, тау шаңғысы жабдықтарын жалға беретін екі пункт көшкін астында қалуы мүмкін. Сондай-ақ қар көшкіні кафені қиратты.

ТЖМ зардап шеккендерді іздеуге 233 адам мен 28 техника жұмылдырды. Іздестіру-құтқару жұмыстары ауа райының қолайсыздығына байланысты таңертеңге дейін тоқтатылды.

Прокуратура тексеру ұйымдастырды. Оқиға орнына Карачаевск прокуроры мен оның орынбасары келіп жетті.

Бұған дейін Карачаевск-Черкессия бойынша ТЖМ ММ 2 мың метрден жоғары тауларда көшкін қаупі туралы шұғыл ескерту таратқан болатын.


Басты сөздер: Ресей, Оқиға,
Жоғары қарай