Ауа райы
Астана -7 °С
Алматы 4 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ресейдегі қазақстандықтар Мәжіліс сайлауына қалай қатыса алады

2020 жылдың 29 қазан 2020 00:03

МӘСКЕУ. ҚазАқпарат – 2020 жылдың 10 қаңтарында Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне сайлау өтеді. Ресейдегі ҚР азаматтары еліміз Елшілігінде ашылатын №265 сайлау учаскесінде дауыс бере алады. ҚазАқпарат бұл туралы Елшілік сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Сайлау учаскесі Мәскеу уақытымен сағат 07.00 – 20.00 аралығында жұмыс істейді. Мекенжайы: Мәскеу қаласы, Чистопрудный бульвар, 3 «А» (ҚР Елшілігінің ғимараты).

Сайлаушылар тізіміне тіркелу үшін РФ-дағы ҚР Елшілігінің консулдық есебіне тұруға кеңес беріледі. Сұрақтар туындаған жағдайда жұмыс күндері шұғыл желі нөміріне +7 (925) 897 71 14 (#1 ішкі нөмір) хабарласуға болады.

Мәскеуден бөлек, Қазақстан Республикасының Бас консулдықтары жанында ашылатын сайлау учаскелерінде дауыс беруге болады:

Санкт-Петербург қаласыhttp://gov.kz/memleket/entities/mfa-s-petersburg?lang=ru

Қазан қаласы – http://kzkazan.ru/ru г.Астрахань – www.gov.kz/memleket/entities/mfa-astrakhan?lang=ru

Омск қаласыwww.kz-omsk.ru

«Сайлау учаскесіне келгенде өзіңізбен бірге ҚР азаматының жеке куәлігі немесе паспорты болуы керек. Ағымдағы эпидемиологиялық ахуалды ескере отырып, маскалық режим мен әлеуметтік ара-қашықтықты сақтау қажет», - делінген сайтта.



Жоғары қарай