Ауа райы
Астана 16 °С
Алматы 13 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Ресейде жоғары оқу орындарында маска тағу міндеттелді

2020 жылдың 1 тамыз 2020 00:50

МӘСКЕУ. ТАСС-ҚазАқпарат - Ресейде жоғары оқу орындарында маска тағып жүру міндеттелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Жаңа оқу жылында жоғары оқу орындарында маска тағып жүру міндетті талапқа айналады, деп мәлім етті Ресей білім министрлігінің баспасөз қызметі.

«Оқу процесін ұйымдастыру кезінде жаңа коронавирус инфекциясының алдын алу шаралары қатаң сақталады» деп атап өтті ведомство басшысы Валерий Фальков.

Сабаққа кімдер маска тақпай келе алады? Министрліктің мәліметінше, ағзасында вирусқа антидене бары анықталған студенттер мен оқытушыларға маскасыз жүруге рұқсат етілген. Олар соны дәлелдейтін анықтаманы ұсынуы тиіс.

Оқытушылар лекция оқып жатқанда маскасын шешіп қойса болады.

Баспасөз қызметінің нақтылауына қарағанда, студенттер мен оқытушыларды университет әкімшілігі маскамен қамтамасыз етуге міндетті.

Жоғары қарай