Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ресейде Су-24 ұшағы апатқа ұшырады

2021 жылдың 27 тамыз 2021 20:37

ПЕРМЬ.ТАСС- ҚазАқпарат – Ресейдің Пермь өлкесінде шабуылдайтын Су-24 ұшағы әуеге көтеріле сала апатқа ұшырады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС-қа сілтеме жасап.

«Су-24 ұшағы Пермьге жанармай құйдыру үшін тоқтаған. Әуеге көтерілгеннен кейін бірнеше минут өткен соң апатқа ұшырады», - деді агенттік дереккөзі.

РФ Қорғаныс министрлігінің орталық әскери округі ұшақтың апатқа ұшырағанын растап, ұшқыштардың катапульттің көмегімен ұшақтан түсіп үлгергенін мәлім етті.

Дереккөздің айтуынша, қазіргі уақытта Пермь өлкесінде экипаждың екі мүшесі іздестіріліп жатыр.


Басты сөздер: Ресей, Оқиға,
Жоғары қарай