Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ресейде коронавирустан қайтыс болғандар саны рекордтық көрсеткішке жетті

2021 жылдың 13 қазан 2021 21:06

МӘСКЕУ. ҚазАқпарат – Ресейде сегіз күн қатарынан қайтыс болғандар саны 900-ден түспей тұр, деп хабарлайды ҚазАқпарат меншікті тілшісі.

13 қазандағы жағдай бойынша 984 адам қайтыс болғаны тіркелген.

ДДСҰ дерегіне сәйкес, соңғы 7 күнде КВИ-ден елде 6649 адам қайтыс болып, әлемде екінші орынға шықты. АҚШ-та бұл көрсеткіш 9443 адамды көрсеткен.

Билік жағдайды тұрақтандыру үшін қосымша шаралар қолданып жатыр. Халықты вакциналау, соның ішінде егде жастағы адамдар мен тәуекел тобына жататын адамдарға екпе егу тиімді деп есептейді.

Сондай-ақ, Мәскеу билігі 10 мектептің оқушыларына тегін экспресс-тест жасауды енгізбекші. 1-11 сынып оқушылары, мектепке дейінгі даярлық тобындағы балалар екі аптада бір рет тест тапсырмақ. Бұл шара қашықтан оқуға кететін сыныптар санын азайтуға мүмкіндік береді деп күтілуде.

Ресейде соңғы тәулікте 28717 адам коронавирус жұқтырған, Мәскеу, Санкт-Петербург және Мәскеу облысы көп бастап тұр – сәйкесінше 4 410, 4 470 және 1 898 адам.


Нарымбек Ысмағұлов


Басты сөздер: Әлем, Ресей, Коронавирус,
Жоғары қарай