Ауа райы
Астана -8 °С
Алматы -3 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ресейде коронавирус жұқтырған науқастарға арналған төсек-орындардың 90%-ы бос емес

2020 жылдың 29 қыркүйек 2020 09:38

МӘСКЕУ. ҚазАқпарат – Ресейде коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастарға арналған 129 мың төсектің 90% - ға жуығы бос емес, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттіне сілтеме жасап.

«Елімізде жаңа коронавирус инфекциясы енді тарала бастаған шақта жұқпалы науқастарды қабылдауға 50 мыңға жуық төсек-орын дайын болды. COVID-19 ауруының деңгейі жоғары болған кезеңде біз олардың санын 184 мың төсекке дейін жедел көбейттік. Бұдан әрі ауырғандар мен ауруханаға жатқызылғандар саны азайып, біз негізгі бейін бойынша пациенттерді қабылдау және жоспарлы медициналық көмек көрсету үшін инфекциялық төсектердің бір бөлігін резервке ауыстырдық. Қазіргі уақытта COVID-19 пациенттері үшін 129 750 төсек бар, олардың 115 500-і бос емес, бұл 89%-ды құрайды. Ауруға шалдыққандар саны өскен жағдайда, қосымша төсектер резервтен ауыстырылады», – деді Ресей Денсаулық сақтау министрінің көмекшісі Алексей Кузнецов.

Бұған дейін Роспотребнадзор басшысы Анна Попова Ресей Федерациясында коронавируспен ауыратын науқастарға арналған аурухана төсектерінің шамамен 51% -ы бос екенін айтқан болатын.

Ресейде коронавирусқа қарсы федералды жедел штабтың мәліметі бойынша 1 159 573 инфекция тіркелген, 945 920 адам ауруынан айығып, 20 385 адам қайтыс болды. Ресей үкіметі елдегі жағдайды ақпараттандырып отыру үшін стопкоронавирус.рф ресурсын іске қосты.


Басты сөздер: Әлем, Ресей, Коронавирус,
Жоғары қарай