Ауа райы
Астана -2 °С
Алматы 4 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ресейде Қазақстанның Каспий маңы жайлы кітап жарық көрді

2020 жылдың 20 қыркүйек 2020 11:57

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ресейде Қазақстанның Каспий маңы жайлы кітап жарық көрді. Ктап авторы - Атырауда дүниеге келген прозашы, ақын, тарихшы Валентин Тарабрин, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Там, где Урал впадает в Каспий…» деп аталатын жинақ Қазақстанның Каспий маңы астанасы саналатын Атырау қаласының 380 жылдығына арналған. Жинақта автордың өлеңдері, эсселері, балладалары, поэмалары, әндері мен прозалық шығармалары топтастырылған. Ақын лирикаларында туған жеріне деген сүйіспеншілігі анық сезіледі.

Ал «Звезда рыбака», «Луч в степи», «Трудное время Урала», «Тудаковы на Яике: истоки, легенды, факты», «По замерзшей меже» өмірбаяндық очерктерде Валентин Тарабрин Каспий маңының алуан түрлі табиғатын сипаттап, өмірі өнегеге айналған адамдармен кездесуі жайында сөз қозғайды, қаламен байланысты қызықты тарихи фактілер жайында сыр шертеді. Сонымен қатар жинақта автордың жеке мұрағатынан көптеген бірегей сурет жарияланған.


Виктор Сутягин


Жоғары қарай