Ауа райы
Астана 22 °С
Алматы 19 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Ресейде іздеуде жүрген әйел Ақмола облысынан табылды

2020 жылдың 6 маусым 2020 14:00

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ресейде қылмысы үшін іздеуде болған 60 жастағы әйел Ақмола облысы аумағында қолға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Көкшетау қалалық ПБ криминалды полиция қызметкерлері облыс аумағынан Ресейдің Орынбор облысының тәртіп сақшылары іздеу салған 1960 жылғы әйелді ұстады. Күдіктіге РФ ҚК 158 бабы бойынша «ұрлық» жасағаны үшін іздеу жарияланған. Қазіргі кезде, күдікті ҚР ҚПК 128 бабына сәйкес қамауға алынды», -дейді Ақмола облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер.

Ведомстводан атап өткендей, сонымен бірге, ақмолалық тәртіп сақшылары Нұр-Сұлтан қаласында тағы бір қылмыскер, Солтүстік Қазақстан облысының тумасын ұстады.


Жоғары қарай